
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды бағыттарының бірі. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың ортақ міндеті болып табылады.
Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға, көлік құралын мас күйінде басқармауға, қауіпсіздік белдігін тағуға және жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті. Сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланудан бас тартып, барынша мұқият болған жөн.
Жаяу жүргіншілер де өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Жолды тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өтіп, бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне ғана жүру маңызды. Тәуліктің қараңғы уақытында немесе көрінуі шектеулі жағдайда жарық шағылыстыратын элементтері бар киімдерді пайдалану қауіпсіздікті арттырады.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Ата-аналар балаларына жол қозғалысы ережелерін үнемі түсіндіріп, оларды көшеде абай болуға тәрбиелеуі қажет. Ал жүргізушілер білім беру ұйымдарының маңында жылдамдықты төмендетіп, аса сақтық танытқаны дұрыс.
Жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру – қауіпсіз қоғамның маңызды көрсеткіші. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жауапкершілігі, тәртіптілігі және өзара сыйластығы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.
Жол жүру қауіпсіздігі – әрбір адамның өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Жол қозғалысы ережелерін сақтайық, өзімізді және өзгелерді қорғайық!

