Есірткі – өмірге төнген қауіп

Есірткі қолдану – адамның денсаулығына, өміріне және қоғамның қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Есірткіге тәуелділік адамның физикалық және психологиялық жағдайын нашарлатып қана қоймай, оның отбасына, жақындарына және қоғамға ауыр зардаптар әкеледі.

Есірткі заттарын пайдалану орталық жүйке жүйесіне кері әсер етіп, адамның ойлау қабілетін, есте сақтауын, еңбекке қабілеттілігін төмендетеді. Уақыт өте келе ол ағзаның түрлі ауруларына, психикалық бұзылыстарға және өмірге қауіпті асқынуларға алып келуі мүмкін.

Есірткіге тәуелділік көбіне заң бұзушылықтарға, отбасылық жанжалдарға, әлеуметтік оқшаулануға және жұмыссыздыққа себеп болады. Әсіресе жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.

Есірткінің алдын алудың ең тиімді жолы – салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттерден аулақ болу. Ата-аналар балаларымен ашық сөйлесіп, есірткінің зияны туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымына және оны таратуға қатысты заңнамада қатаң жауапкершілік көзделген. Есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау, өткізу немесе жарнамалау заң алдында жауапкершілікке әкеледі.

Егер сіз немесе жақындарыңыз есірткіге тәуелділік мәселесіне тап болсаңыз, уақыт оздырмай мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Ерте көрсетілген кәсіби көмек адамның қалыпты өмірге қайта оралуына мүмкіндік береді.

Есірткіге – жоқ деңіз! Денсаулықты сақтап, салауатты өмір салтын таңдаңыз. Болашағыңыз өз қолыңызда!