
Қазіргі таңда интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп келеді. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе түрлі ұйымдардың өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректері мен ақшасын иемденуге тырысады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
* жеке мәліметтеріңізді, банк картасының деректерін және SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз;
* күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
* белгісіз адамдардың өтінішімен ақша аудармаңыз;
* ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздерден тексеріңіз.
Күмәнді қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда сабыр сақтап, асығыс шешім қабылдамаңыз. Қажет болса, банкке немесе тиісті мекемеге өзіңіз хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін нақтылаңыз.
Қырағылық – алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы. Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, сақ болыңыз!

