Мобильді қосымша – ел игілігі үшін

Мобильді қосымша – ел игілігі үшін

Бүгінде электронды үкіметтің порталын көпшілікке таратуға қатысты, атап айтсақ мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, мемле­кет­тік қызмет түрлерін алудың түрлі тә­сіл­деріне байланысты нақты жұмыстар атқа­рылуда. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің электронды форматқа ауысуы ең алдымен жемқорлықтың алдын алады. Бүгінде әркім өз уақытының қаншалықты қымбат екенін жақсы біледі. Халық бая­ғы­дай жай бір анықтама үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ке­зек­те тұрғысы келмейді. Қоғам алға ілге­рі­леген сайын «Цифрлық Қазақстан» жо­ба­сы да тың идеяларын ұсынып, жаңа бағ­дар­ламаларды іске қосып жатыр. Со­ның бі­рі – «Телеграмм-бот» және «mGov.kz» мо­биль­ді қосымшалары. Бұл қосымша құра­лы қазіргі таңда халыққа өз пайдасын тигізуде. Азаматтар тек бір рет қана ХҚКО-на ке­ліп, өз жеке сәйкестендіру нө­мі­рін (ИИН) телефон нөміріне «байлап» қойса болды. Одан кейін азаматтар барлық керек анықтамаларын смартфонын ашып, «Телеграмм-бот» немесе «mGov.kz» қо­сым­шасы арқылы ала алады. Қазіргі кү­ні «Телеграмм-ботта» (@EgovKzBot) мем­лекеттік қызметтің 24 түрі қолжетімді. Атап айтқанда, мекенжай анықтамасы, зейнетақы, психо және наркодиспансердің анықтамалары, сондай-ақ онлайн-кезек­тер­ге тұру, үйге дәрігер шақыру сияқты көп­теген қызмет түрлері бар. Ал «mGov.kz» қосымшасында қазір білім беру, от­ба­сы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау сияқты салаларға қатысты 90 мем­ле­кеттік қызмет көрсетіледі.


Электронды қызметтер қатарының кө­бе­юімен бірге мемлекеттік корпорация ха­лық­тың жалпы цифрлық сауатын арт­ты­ру­ға барын салып жатыр. Аудандық ха­лық­қа қызмет көрсету орталығының ма­ман­дары ауданымыздағы халық көп шо­ғыр­ланатын аймақтарда «Телеграмм-бот» және «mGov.kz» мобильді қосым­ша­ла­рын насихаттап, халыққа түсіндіру жұмыс­тарын жүргізді. Жуырда 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесінде қаламыздың орталық алаңында аудан жұртшылығына аталмыш мо­бильді қосымшаны смартфон­дарға жүк­­теп, қажетті қызмет түрлерін алу­дың жолдарын көрсетіп, «электрондық үкі­мет» порталымен мемлекеттік қыз­мет­тер­ді алу­ды насихаттады. Маман­дар­дың ке­ңес­теріне ынта қойып, жаңа қыз­мет түрі­нің тиімділігін түсінген жұртшы­лық­тың қызы­ғушылығы өте жоғары болды.

Перизат Нұрқаева,
«Талғар».