Жетісуда JFC турнирі өтеді

Жетісуда JFC турнирі өтеді

2017 жылы  Алматы облысының спортшылары аралас жекпе — жектен MMA-UFC кәсіби турнирлері бойынша промоушеннің аналогтық нұсқасын жасауға кіріскен. Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 17-ші желтоқсан күні облыс тарихында алғаш рет JFС — Jetysu Fighting Championship өткізілмек, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Жоба мақсаты жастар арасында спортты дамыту және кәсіби деңгейде жауынгердің мансабын көтеруге мүмкіндік беру .

Аталмыш жоба ұйымдастырушысы Евгений Ворониннің айтуынша, қаламызға 10-нан астам әскери клубтың өкілдері жиналып, 14 жекпе-жек өткізеді.

» Бір рет спорттық жолды таңдаған азамат екінші рет оны тастап немесе ұмытып кете алмайды. Бізде осы жолды таңдап, оған адал қызмет етіп жүрген спортшылармыз. Осы мақсатта Jetysu Fighting Championship промоушенын ұйымдастырып отырмыз. Шоуға «Меруерт» ойын-сауық кешені арнайы таңдалып отыр. 17 желтоқсан күні өткелі отырған кездесудің жоғарғы деңгейде болуына біз барлық жағдайды жасадық. Оған, барлық салмақ категориялары бойынша спорт шеберлері мен талантты спортшылар қатысады», — дейді ол.

Сонымен қатар, жарысқа еліміздің 10 әскери клубы мен 8 қаланың өкілдері қатысады: 13 ерлер арасындағы жекпе-жек (57кг / 62кг / 66г / 71кг / 77кг / 84кг / 92кг), 1 әйелдер күресі (57кг салмақта). Және де кездесу төрешілері болып Алматы облысы Грэпплинг Федерациясының өкілдері сайланған.

Айта кету керек, турнир қатысушылары «Jetysu Fighting Championship»- те  ақшалай сыйақы мен рейтинг үшін таласатын болады.

Талғар-ақпарат