Жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс ауданында 12 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  479,7 млн. теңге қаржы жұмсалған нысанның құрылысы өткен жылдың шілдесінде басталған, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Пәтер кілттерін тапсырған облыс әкімі Амандық Баталов:

— Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Биыл облыс орталығында 47,3 мың шаршы мерт тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылмен салыстырған бұл көрсеткіш 2,7 есеге көп. Қаламызда бүгінгі заманға сай, сәулетті, бірегей ғимараттар — Көрме орталығы, Салтанат сарайы, жақында ғана ашылған драма театр ел игілігіне қызмет етуде. «Жастар» саябағы, Қаратал өзенінің жағалауы Талдықорғанның ажарын айшықтап, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды, — деп тұрғын үйді сапалы салып, мерзімінде тапсырған «Жанайдар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғыс айтты.

Жалдамалы үйде 64 пәтер бар, оның 32-сі бір, 24-і екі, 8-і үш бөлмелі. Ал жапы пәтер көлемі 3325,3 шаршы метрді құрайды.

Талғар-ақпарат