Алматы облысы сапалы байланыспен толық 2020 жылға дейін қамтылады

Алматы облысы сапалы байланыспен толық 2020 жылға дейін қамтылады

Алматы облысы сапалы байланыс және жылдам инттернетпен 2020 жылға дейін 100 % -ға дейін қамтылады. Осыған сәкес, Ұйғыр және  Қаратал аудандарында 67 км. құрайтын талшықты-оптикалық байланыс желілері салынған – деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын нығайтуға және цифрлы технологияларды қолдану арқылы халық жағдайын жақсартуға негізделген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы интернетке кеңжолақты қосылудың жаңа мүмкіндіктерін қолдана отырып, Алматы облысының тұрғындарына ең өзекті қызметтер мен сервис түрлерін  ұсынылған.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Алматытелеком» ӨТД Алматы облысының елдімекендерінде телефонизация жұмыстарын жүргізіп, 35 елдімекенде 2640 порттық сыйымдылығымен  интернетке кең жолақты қатынау жабдығын кеңейген. Және де, 12 елдімекенінде  жалпы сомасы 88,3 млн. теңге мөлшерінде  желілік құрылғыға  және  86 азаматтық құрылғыға жөндеу жұмыстары  жасалды.

«Алматытелеком» өңірлік телекоммуникациялық дирекциясының бас директоры Шерхан Раздықовтың айтуынша, биыл «Қазақтелеком» компаниясы Алматы облысы аумағындағы байланыс желілерін жақсарту үшін 2018 жылы 658 млн. теңгені  игерген.

«Біз жыл басынан облыстағы байланыс және ғаламтор желісінің сапасын жақсату барысында біршама жұмыстар атқардық. Ерекше ауыз толтырып айтарлық жайт, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында, Алматы облысы әкімінің қолдауымен 96 млн. теңгеге ауылдық елді мекендегі 64 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілді. Сондай-ақ, компания өз қаражаты есебінен 70 мектепке желілерді тартты. Жалпы айтқанда  облыс бойынша 134 мектеп сапалы байланыспен қамтамасыз етілді», — дейді директор.

Сонымен қатар,  2021 жылға дейін елімізде 5G жылдамдықтағы интернет желісі пайда болмақ. Осыған сәйкес, облыста  тестілеу жұмыстары жыл соңына дейін өткізуге дайындық жасалуда.

-Қазақстанда 2016 жылы 3G байланыс қызметін халықтың 86,8%-ы пайдаланса, 2017 жылы 4G жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне 50 мыңнан асып жығылатын аймақтағы және барлық аудан орталығында қтұрғындар қосылды. 2021 жылға дейін елімізде 5G жылдамдықтағы интернет желісі қосылады. Бұл желіге қосылуға біздің облыста тыңғылықты жұмыстар жасалуда,- дейді Александр Табатчиков.

Айта кету керек, «Қазақтелеком» компаниясы облыста келесі жылыда жүйелі және тыңғылықты жұмыстар жасауды жоспарлап отыр.

Талғар-ақпарат