Алматы облысының өнерпаздары шығармашылық фестивальдан жүлдемен оралды

Алматы облысының өнерпаздары шығармашылық фестивальдан жүлдемен оралды

Ағымдағы жылдың 2-ші қараша күні Ресей Федерациясының Сочи қаласында, XXXVI  Халықаралық «На творческом Олимпе» атты фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шараға,   Қазақстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен барлығы 300 өнерлі жастар қатысты.  Жан-жақтан келіп қатысқан өнерпаздардың ішінен, қазақ елінің абыройын халықаралық деңгейде танытып жүрген қыз-ұлдарымыз құр алақан қайтпады. Яғни, Алматы облысы Жамбыл ауданының өнерпаздары жүлделі болып қайтты.

Аудан өнер мектебінің фортепиано сыныбының оқушылары жеке «Аспапта орындау» номинациясы бойынша Темирболат Дарын,  Калимова Еркежан І дәрежелі лауреат, домбыра сыныбының оқушысы Мұрат Азамат І дәрежелі лауреат, флейта сыныбынан Темирбулатова Әлия ІІ дәрежелі лауреат, ансамбльмен орындау номинациясы бойынша Темірболат Дарын мен Темірболатова Әлия І дәрежелі лауреат, хореография сыныбынан «Халық биі» номинациясы бойынша Дулатқызы Ғания ІІ дәрежелі лауреат және ең үздік киім үлгісі марапатына ие болды.

Сонымен қатар, «Салют талантов» шығармашылық бірлестігі, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және еліміздің  мәдени мұрасын сақтауда қосқан үлесі үшін, өнерпаздардың жетекшілерін марапаттады.

Сол Өнер мектебінің директоры Жанар Өмірбекқызының  айтуынша бұл байқау өте жоғары деңгейде өткен дейді.

«Сочи қаласында өткен байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Іс-шара барысында әр өнерпазға  ерекше көңіл бөлініп, жайлы жағдай жасалды. Бұдан басқа, бұл шара әділ және ашық өтті », — деді ол.

Айта кету керек,  мектеп  ұжымы алдағы уақытта Санк-Петербург қаласындағы  «Суперфиналға» аттанбақ.

Талғар-ақпарат