Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы колледж ашылды

Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы колледж ашылды

Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанынан колледж ашылды. 8 мамандық бойынша білім беруді көздеп отырған ұжым, 2018- 2019-шы оқу жылына лицензия алған, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

46 жылдық тарихы бар І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, бүгінде ең үздік жоғарғы білім беретін ЖОО-ның қатарында. Құрамында Қазақстан Респуликасымен халықаралық академиялардың корреспонденттері, профессорлар, докторлар және магистрлер білім беретін онда, 6000-дай студент оқиды.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап осы оқу орнының жанынан І.Жансүгіров атындағы колледж өз жұмысын бастамақ. Бұл оқу орны, оқытудың көп салалы деңгейлі жүйесін қалыптастырған. Оның стратегиялық мақсаты: көп салалы, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, көп тілді, ұтқыр білім беру ортасын жасау. Коледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Марат Мальтекбасовтың айтуынша колледж студенттері 3 сатылы білім алуға мүмкіншіліктері бар.

« Біздің студенттердің 3 сатылы білім алатын мүмкіндіктері бар, яғни университет, магирстратура, доктарантура. Және де оларға оқытудың жеке траекториясын таңдау құқығы беріледі. Ең бастысы, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу жағдайларын жасайтын боламыз»,-деді ол.

Аталмыш колледжде – мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, құқық тану, заңгер, бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі әдебиеті мұғалімі, туризм, дизайнер және тағы да басқа мамандықтар бойынша оқытады. Күндізгі білім беру құны 160 мың теңгені құраса, сырттай 80 мың теңге болып отыр.

Айта кету керек, колледж келесі жылы қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуды жоспарлап отыр.

Талғар-ақпарат