2018 жылдың 6 мен 13 қазан күндері мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Джакартада (Индонезия) Азиялық Параойындар өтті, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Мультиспорттық шараның үшінші күні Қазақстандықтар «күміс» және «қола» медальдерін қанжығалады. Қос күмісті елімізде пауэрлифтингтен халықаралық спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшелері Алматы облысы, Ұйғыр ауданының спортшылары Раушан Қойшыбаева 114 кг және Рахметжан Хамаев 197 кг көтеріп, жеңімпаз атанды.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылы Қазақстан спорттық шараларға қатысудан рекордтық көрсеткіш көрсетуде. Азиялық Параойындарына спорттың 9 түрінен елімізден 91 спортшы, Алматы облысынан 11 спортшы, олардың ішінде: теннис, дзюдо, жүзу, оқпен ату, пауэрлифтинг, садақпен ату, шахмат, жеңіл атлетика, отырып ойнайтын волейбол жарыстарына қатысты.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар бақ сынайтын додада Қазақстан құрамасы 13 медальді иеленді. Осының негізінде жалпы командалық айналымда 12 орынға тұрақтады.
Талғар-ақпарат