Youtube-та Денис Теннің бала кезіндегі видеолары жарияланды

Youtube-та Денис Теннің бала кезіндегі видеолары жарияланды

Қазақстандық спортшы Денис Теннің құрметіне Youtube желісінде Denis Ten Forever деген канал ашылды. Онда спортшының балалық шағындағы жеке архивіндегі видеолары жарияланды, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат.

Алғашқы видеода Денистің бір жасқа толмағаны көрініп тұр. Оны ағасы Алеша түсірген.

Желі қолданушылары видео авторы мен каналды ашқан адамдарға шексіз алғыстарын білдіріп жатыр. Олар Денистің ата-анасына мықты болуларын тіледі.

Сондай-ақ конькишінің ел алдына алғаш шыққан видеосы да жарияланды. Бұл жерде Абай атындағы опера және балет театрында балалар хорының құрамында өнер көрсеткен. Пікір білдірушілер Денисті анасына қатты ұқсатуда.

Тағы бір видеода спортшы Рахат телеарнасына алғашқы сұхбаттарының бірін берген.

Талғар-ақпарат