ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАР ЕРЛЕДІ

ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚЫЗДАР ЕРЛЕДІ

Бесағаш ауылындағы №29 орта мектепте 8 наурыз халықаралық əйелдер күніне орай қыздар арасында волейбол ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Беделбекова жарысты салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сəттілік тіледі. 7-8 жəне 9-11 сыныптардан өзге мұғалімдерден бір команда жасақталып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қызу бəсекеде командалар бар шеберліктерін салды. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мұғалімдер командалары үшін аянып қалмады. Осы жарысқа дене шынықтыру мұғалімдері де белсене атсалысып, соның ішінде ардагер ұстаздар Ж.Тлекметов, Д.Əбілжанов, М.Тохтахунова, С.Иманкулов, Қ.Əбдрахман, Б.Жүнісбек волейбол ойынының мəні мен мазмұны жайлы ойларымен бөлісіп əрі ойынға төрелік жасады. Нəтижесінде 7-8 сынып командалар ішінде 1-орын 7 «а» сыныбы, 2-орын 8 «д» сыныбы, 3-орын 7 «ə» жəне 7 «д» сыныптары алды. Үздік ойыншылар болып М. Турсынова (7 «а»сынып), Т.Исраилова, А.Ахметова (8 «д»сыныбы), Х.Мамутханова, Д.Хайрахунова (7 «д»-сыныбы) танылды.

9-10-11 сыныптар мен мұғалімдер арасындағы жарыста 1-орынды №29 орта мектептің қыздар құрама командасы жеңіп алды. 2-орынды мұғалімдер командасы, 3- орынды 9 «а» сыныбы иеленді. 4-орын алған 9 «г» сыныбына жеңіске деген жігері үшін жеке алғыс айтылды. Құрама командадан төмендегідей үздік оқушылар марапатталды: Е.Тасполатова, Д.Алымжанова, сонымен қатар, мұғалімдерден Г.Гуламова, М.Аршидинова жəне медбике М.Cапарова. 9 «а» сыныбынан А.Владимир жəне М.Ролланқызы марапатталды.

Б.Жүнісбек

№29 орта мектебінің дене шынықтыру пəнінің мұғалімі