АЛЬФА – ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

АЛЬФА – ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Өткен аптада қаладағы «Жеңімпаз» спорт кешенінің футбол алаңында көктем мерекесіне орай жасөспірімдер арасында шағын футболдан көше командалары арасында жарыс болып өтті. «Жұмыр жерде – теңбіл доп» — деп спорт журналисті Сейдахмет Бердіқұл айтпақшы, бұл бəсекеге футбол десе ішкен асын жерге қоятын 14-15 жастағы жас футболшылар көптеп келді. Екі топқа бөлінген жас теңбіл доп шеберлері жеңіс үшін барын салды. Дегенмен де, ұйымшылдығы күшті, алаң үстінде бір-бірін жақсы түсінетін, шебер де айлалы ойыншылары көп команданың жеңіске жететіні белгілі. Бұл сайыста қарсыластар қақпасына көп гол соғып, бірде-бір рет жеңіліске ұшырамаған «Альфа» командасы «Чемпион» атанып, Кубок пен медальдармен марапатталды. Екінші орынға Тоқаш Бокин көшесінің «Брайтен» командасы шықса, үшінші орынға шебер ойыншылары көп «Мелиоратор» командасы лайықты деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегелерге жəне жекелей көзге түскен футболшыларға «Мадақтама» қағазын аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Игорь Калинин салтанатты түрде табыс етті.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ

Талғар-ақпарат