ҮНДСІЗДІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТПАЙДЫ

ҮНДСІЗДІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТПАЙДЫ

 

Зорлық-зомбылық – адамның ар-намысына, денсаулығына және жеке басының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін ауыр мәселе.

Кейде қоғамда отбасындағы жанжалға сырт көз араласпауы керек деген түсінік кездеседі. Алайда қорқыту, кемсіту, бақылау, күш көрсету және психологиялық қысым ешқашан қалыпты жағдай ретінде қабылданбауы тиіс.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін:

🔹 Балаларға өз құқықтарын түсіндіру.
🔹 Отбасындағы өзара құрмет пен сенімді нығайту.
🔹 Қысым көрсету белгілеріне бейжай қарамау.
🔹 Зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, тиісті мамандарға жүгінуге көмектесу.

Әр адам қауіпсіз ортада өмір сүруге, өз ойын еркін айтуға және құрметке ие болуға құқылы.

Зорлық-зомбылыққа тап болған адам кінәлі емес. Көмек сұрау – әлсіздік емес, өз құқығыңды қорғаудың маңызды қадамы.

Зорлық-зомбылыққа төзбеу – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың бастауы!