ЖОЛДАҒЫ БІР СӘТТІК АСЫҒЫСТЫҚ – ӨМІРЛІК ӨКІНІШКЕ АЙНАЛМАСЫН

ЖОЛДАҒЫ БІР СӘТТІК АСЫҒЫСТЫҚ – ӨМІРЛІК ӨКІНІШКЕ АЙНАЛМАСЫН

Жол қозғалысы – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ортақ кеңістігі. Сондықтан жолдағы қауіпсіздік әрбір адамның тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты.

Әсіресе, күн қысқарып, ауа райы құбылып, жол беті тайғақ болатын маусымда сақтықты күшейту қажет.

Жүргізушілерге:

🚘 Көлік жылдамдығын жол жағдайына сәйкес таңдау.

🚘 Қысқы дөңгелектердің жарамдылығын тексеру.

🚘 Көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау.

🚘 Рөлде телефон қолданбау және шаршаған күйде көлік жүргізбеу.

Жаяу жүргіншілерге:

🚶 Жолды тек белгіленген жерден кесіп өту.

🚶 Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану.

🚶 Жолдан өтерде телефонға алаңдамау.

Жолдағы қауіпсіздік – ережені білу ғана емес, оны күнделікті орындау.

Баратын жеріңізге асықпай, аман жетіңіз!