МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ: ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ТАБЫСЫ – ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ: ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ТАБЫСЫ – ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жолдауда ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде нақты тапсырма берілді.

🔹 Ең төменгі жалақы: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі айлық жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру ұсынылды.

🔹 Қамтылатын азаматтар: Бұл өзгеріс шамамен 1,8 миллион адамның табысына әсер етеді деп күтілуде.

🔹 Бюджет саласы: Аталған өсім бюджет саласындағы 370 мыңнан астам қызметкерге де қатысты болады.

🔹 Медицина қызметкерлері: Алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының еңбекақысын еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыру міндеті де белгіленді.

Бұл бастамалардың негізгі мақсаты – еңбек адамының табысын арттыру, әлеуметтік қолдауды жетілдіру және халықтың нақты тұрмыс сапасын жақсарту.

Жалақының өсуі тек экономикалық көрсеткіш емес. Ол отбасының күнделікті шығынын өтеуге, қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және болашаққа сенімді жоспар құруға мүмкіндік береді.

Еңбекке лайықты құрмет пен табыс – әлеуметтік әділеттіліктің маңызды көрінісі!