Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі заң үстемдігіне және қоғамдық тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Заңды құрметтеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну – құқықтық мәдениеті жоғары азаматтың негізгі белгілері.
«Заң мен тәртіп» қағидаты әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда өзара құрмет қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте мемлекеттік органдардың қызметімен қатар, тұрғындардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы да ерекше маңызға ие.
Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, бөтеннің мүлкіне құрметпен қарау, интернет кеңістігінде заң талаптарын бұзбау – күнделікті өмірдегі жауапкершіліктің нақты көрінісі. Ал құқық бұзушылықтың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттыру және жастарға заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет.
Заңға құрмет отбасынан, білім беру ұйымдарынан және әр азаматтың жеке үлгісінен басталады. Әр адам заң талаптарын сақтап, қоғамдық мүддеге жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптасады.
Заң үстемдігі – тұрақтылықтың тірегі, ал тәртіп – ортақ болашағымыздың кепілі.








