
Балалардың қауіпсіздігі – қоғам мен ата-ананың ортақ жауапкершілігі. «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғынжайдан тыс жерлерде жүруіне шектеулер белгіленген. Бұл талаптардың басты мақсаты – балаларды құқыққа қайшы әрекеттерден, жазатайым оқиғалардан және өзге де қауіп-қатерлерден қорғау.
Ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын үнемі бақылауда ұстауы қажет. Баламен тұрақты байланыс орнату, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы ақпарат беру – әрбір ата-ананың маңызды міндеті.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, олардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Заң талаптарын сақтау – бала қауіпсіздігінің және қоғамдағы тәртіптің кепілі.
#ЗаңМенТәртіп #БалаларҚауіпсіздігі #ТалғарАуданы #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #АтаАнаЖауапкершілігі

