НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ҚОҒАМ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Нашақорлық – қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Есірткіге тәуелділік адам денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамның қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жүргізу – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Бүгінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында түрлі түсіндіру жұмыстары, кездесулер мен ақпараттық акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Мұндай шаралардың басты мақсаты – жастарға есірткінің адам өміріне тигізетін зиянын түсіндіру және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыру.

Мамандардың айтуынша, есірткі адамның жүйке жүйесін зақымдап, психикалық және физикалық денсаулығына орны толмас зиян келтіреді. Сонымен қатар нашақорлық қылмыстың көбеюіне, әлеуметтік мәселелердің туындауына себеп болады.

Нашақорлықтың алдын алуда ата-аналардың, ұстаздардың және қоғам белсенділерінің рөлі ерекше. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдануға және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау олардың зиянды әдеттерден аулақ болуына ықпал етеді.

Есірткіге қарсы күрес – әр азаматтың жауапкершілігін талап ететін маңызды іс. Денсаулық пен жарқын болашақты таңдау арқылы ғана біз қауіпсіз әрі салауатты қоғам қалыптастыра аламыз.

«Есірткісіз өмір – жарқын болашақ кепілі!»