Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Тополевка ауылы маңындағы Жоңғар-Алатау ұлттық паркі аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған ауқымды фестиваль өтті ✨

7000-нан астам қонақ
50+ блогер мен инфлюенсер
Әлемдік маңызы бар Сиверс жабайы алмасы

Жетісу — жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі саналатын бірегей табиғи мекен. Ғалымдардың айтуынша, оның шамамен 48%-ы осы өңірде шоғырланған.

Фестиваль қонақтары:
гүлдеген алма бақтарын тамашалады
мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысты
ұлттық спорт ойындарын көрді
қолөнершілер көрмесін аралады
концерттік бағдарламадан әсер алды

Халықаралық жоба аясында түрлі елдерден келген суретшілер өз туындыларын ұсынып, табиғат сұлулығын өнер арқылы жеткізді

Кештің басты қонақтары — Bayansulu және Қуандық Рахым

Фестиваль Жетісудың туристік әлеуетін арттырып, экотуризмді дамытуға және табиғи мұраны сақтауға бағытталған маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

#Жетісу #СиверсАлмасы #EcoTourism #Kazakhstan #TravelKZ #Nature