
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан – Жасыл Болашақ» акциясы Талғар ауданында қарқынды жүргізілуде. «Бір тал кессең, он тал ек» дейді халқымыз. Осы игі қағиданы ұстанған аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімімен бірге көшет отырғызып, табиғатқа үлкен үлес қосты. Бұл – келер ұрпақ үшін жасалған нақты қадам.


