Бүгін Талғар ауданындағы Жастар саябағында өткен думанды мерекеге қатысып, аудан тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтадым. Талғар ауданы — табиғаты көркем, мүмкіндігі мол, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып отырған киелі мекен.
Осындай берекелі өңірдің әрбір тұрғынына амандық пен бақ-береке тілеймін!

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі