Алматы облысы, Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы Бесағаш ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы және оның елдің одан әрі дамуына ықпалы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға референдум өткізу тәртібі, қатысу шарттары және азаматтық ұстанымның маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу ашық форматта өтті. Ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.


