
15 наурызда өтетін референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды саяси оқиға. Референдум – халықтың өз таңдауын тікелей білдіретін демократиялық құрал. Мұндай шешімдер елдің саяси жүйесіне, басқару құрылымына және азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін.
Референдумның басты маңызы – халық пікірінің ескерілуі. Азаматтар өз дауысы арқылы мемлекет дамуының бағытына ықпал ете алады. Бұл – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Әсіресе жастар үшін бұл – азаматтық белсенділікті танытудың, ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың мүмкіндігі.
Сондықтан әрбір азамат ұсынылған өзгерістермен мұқият танысып, саналы түрде шешім қабылдауы қажет. Өйткені референдум нәтижесі – бүкіл халықтың ортақ таңдауы.
Мөлдір Абатайқызы, «Алматы облысының жастар ресурстық
орталығы» КММ-нің филиалы –
«Талғар ауданының жастар ресурстық
орталығы» жетекшісі

