Халық пікірі – реформаның тірегі

Конституциялық реформа халықтың үнін ескеруге бағытталған. Қазіргі қоғамда азаматтар тек бақылаушы емес, ел тағдырына әсер ететін белсенді субъект болғысы келеді.

Реформа халықтың саяси процестерге қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл демократиялық мәдениетті қалыптастырып, азаматтық жауапкершілікті арттырады.

Халықтың пікірі ескерілген жерде заңға деген құрмет те күшейеді. Сондықтан реформаның табысты болуы қоғамның белсенділігіне тікелей байланысты.

Данаев Болатжан Алпысбайұлы — «ҚазТрансАймақ» ЖШС Талғар аудандық бөлімінің директоры