
Астана қаласында Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Жиында ел Конституциясын жаңарту мәселесіне қатысты азаматтар мен сарапшылар тарапынан жолданған ұсыныстар қаралуда. Комиссия қызметі ашық форматта ұйымдастырылып, отырыстың барысы қоғам назарына тікелей эфир арқылы ұсынылып отыр.
Отырысты жүргізген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова комиссияның қарауына екі мыңнан астам бастама түскенін жеткізді. Аталған ұсыныстар жүйеленіп, ортақ жинақталған кестеге енгізілген. Бұл көрсеткіш қоғамның конституциялық реформаға белсенді араласып отырғанын айғақтайды.
Оның айтуынша, азаматтық ұстаным мен сараптамалық пікірлердің мол болуы алдағы өзгерістердің сапалы әрі жан-жақты дайындалуына ықпал етеді. «Конституцияны жаңарту үдерісі халықтың пікірі мен мүддесіне сүйене отырып жүргізілуде», — деді Эльвира Азимова.
Жиын барысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров және Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева сөз сөйлейді. Олар 2025 жылдың қазан айынан бері жиналған ұсыныстар негізінде әзірленген құқықтық тетіктер мен ықтимал түзетулерді таныстырады.
Көлбаев Бексұлтан Қайырбекұлы, Талғар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.







