Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызметі – еліміздің мемлекеттік басқару жүйесініңнегізін қалаушы маңызды институттардың бірі. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен құзыреттілігі қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша заңды талаптар мен қағидаларды бекіту, еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінің сапасын көтерудің маңызды қадамдарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»Заңының 34—бабының тармақтарындакөрсетілгендей мемлекеттік қызметшілерді оқытумемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайтадаярлауды және олардың біліктілігін арттыруғабағытталған. Осы біліктіліктің мақсаттары мен бағыттарын қарастырып көрейік.
Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әлемдік тәжірбиедеФранция мен Сингапурда мансаптық ілгерілеудіңшарттарының бірі тиісті оқыту мен біліктіліктіарттырудан өту болып табылады. АҚШ пен Ұлыбританияда мұндай оқыту тиісті кәсібибіліктілік деңгейіне қарай топтастырылады. Сингапурдың құзыреттерді базалық, функционалдық және көшбасшылыққа бөлудікөздейтін оқытуда құзыреттілік тәсілді қолданутәжірибесі назар аударуға тұрарлық.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі өз жұмысын үнемі жетілдіріп, тиімділігін арттыру үшін кәсіби мемлекеттік қызметшілерге мұқтаж. Осы мақсатта Мемлекеттік қызметшілерді оқыту процесі маңызды орыналады. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін дамытуға, мемлекеттік органдардыңтиімділігін арттыруға және қызметкерлердің кәсібидаму деңгейін көтеруге негізделген.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бірнеше кезеңнен тұрады: даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Әрбір бағыттың өзіндікерекшеліктері мен талаптары бар.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау — жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға бағытталған оқу процесі. Бұл бағыт мемлекеттік қызметке жаңа қабылданғаназаматтар үшін арналады. Олар арнайы оқу бағдарламалары арқылы мемлекеттік қызметке тәндағдыларды меңгеріп, кәсіби құзыреттіліктіқалыптастырады. Даярлау барысында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқару, заңнамалықөзгерістер, мемлекеттік қызметтің принциптері, этикасы және әкімшілік процестер сияқты маңызды тақырыптар бойынша білім алады.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау— қосымша кәсіби білім алу курстары, яғнибұрыннан қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің білімін жаңарту. Бұл курстарғақатысу арқылы қызметшілер заңнамалық өзгерістермен жаңа басқарушылық технологиялар туралыақпарат ала алады. Қайта даярлау курстарымемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыружәне олардың мансаптық өсуіне септігін тигізеді.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігінарттыру — кәсіби құзыреттілігін жетілдіругеарналған оқыту семинарлары мен тренингтердіқамтиды. Бұл бағыт мемлекеттік қызметшілердің өз саласында жаңашылдықтарға бейімделуін, дағдыларын тереңдетуін және жаңа әдістемелердіигеруін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру семинарлары мемлекеттік қызметшілердің мәселелерге қатысты түсініктерінкеңейтуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасының заңнамасындамемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруміндетті түрде жүзеге асырылуы керектігіайқындалған. Осы орайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үш жылда бір рет біліктілігінарттырудан өтуі тиіс. Бұл мерзімділік әрбірмемлекеттік қызметшіге кәсіби білімін жаңартып, қазіргі заманғы талаптарға сай болуына мүмкіндік береді. Біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуында маңызды рөлатқарып, олардың тиімді жұмыс істейтіндігінекепілдік береді.
Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтердіҚазақстан Республикасы Президентініңжанындағы мемлекеттік басқару академиясымен филиалдарында жүзеге асырылады. Бұл ұйымдар оқытудың сапасын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметшілердің қажетті білім деңгейіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігінарттыру қызметтері мемлекеттік орган қызметініңбейіні бойынша өзге білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылуы мүмкін. Осылайша, әрбірмемлекеттік қызметші өз қызметі бойынша арнайыбағдарламалардан өтіп, тәжірибе мен білімінжетілдіруге мүмкіндік алады.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайтадаярлау және біліктілігін арттыру тәртібін, сондай-ақ білім беру ұйымдарына қойылатын талаптардыҚазақстан Республикасының Үкіметіайқындайды. Бұл ретте, білім беру ұйымдары мен курстардың талаптары жоғары болуы тиіс. Білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламаларымемлекеттік қызметшілердің білімін үздіксізжаңартып, олардың жаңа талаптарға сай болуынқамтамасыз етуі керек.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілердің оқыту жүйесі мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру үрдістерімемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейінжоғарылатуға, заңнамалық өзгерістер мен жаңатехнологияларға бейімделуге ықпал етеді. Әрбірмемлекеттік қызметшілер үшін оқу курстарыныңсапасы мен кәсіби даярлық деңгейі үздіксізбақылауда болады. Бұл жүйе мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыруғажәне азаматтардың мемлекеттік органдарменқарым-қатынасын жақсартуға бағытталғанмаңызды қадам болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігінарттыру жүйесі мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын стратегиялық маңызды бастамалардыңбірі болып табылады.
Бұл шаралар мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіби деңгейін қалыптастырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруғасептігін тигізеді. Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даму жолында білім беру ұйымдарының сапасы мен әдістемелік қамтылуымаңызды рөл атқарады.
Нұрсұлтан Сейдалиев,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы