Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — Ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Оның тиімділігі жалпы еліміздегі құқық бұзушылықтардың жай-күйі және мемлекетіміздің болашағын құрайтын отбасы институтының дамуына байланысты әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.
Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында ағымдағы жылдың 27—тамыз пен 10—қыркүйек аралығында республика аумағында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өткізілуде. Аталған іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылуда.
Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен (әкімдік, отбасын қолдау орталықтары, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, прокуратура, соттар) бірлесіп, полицияның қоғамдық көмекшілерін, жастар бірлестіктерін, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, елді мекендерде отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша мобильді акциялар өткізілуде.
Елді мекендерде халықты отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушыларға қабылданып жатқан шаралар мен оларға қатысты зорлық-зомбылық қолданылған жағдайда зардап шеккендердің іс-қимыл алгоритмімен хабардар етуге бағытталған іс-шаралар өткізілуде.
Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексерумен толық қамтуды қамтамасыз етілуде. Құрылған мобильді топтар аясында қолайсыз отбасыларға және қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, дағдарыс орталықтары мен ҮЕҰ сенім телефоны базасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша сенім телефонының 111,150,102 жедел желісі жұмысы ұйымдастырылған.
Арайлым Қасымбекова,
Талғар аудандық ПБ ЖПҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімінің бастығы, полиция мойоры