Біздің қоғамның басты ұстанымы – әділдік және қауіпсіздік болғандықтан осы жолда жұмыс істеп жатқан Мемлекеттің тиімді жобаларын өз деңгейінде насихаттау білу керек. Заң мен тәртіп аясындағы жұмыс мемлекеттік идеологияны жетілдіреді. Осы идеологема мемлекеттік жүйенің, әрбір қазақстандықтың күнделікті өмір салтының қағидаты бола білу керек, және сол жолдағы ақпараттық жұмысты арттыру керек
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз мақаласында Әділетті Қазақстанның идеологиялық тұғырнамасының басты қағидаты – «әділдік» ұғымы туралы: «Әділдік дегеніміз – бәрін бір қалыпқа салып, теңестіру емес. Әділдік – ең алдымен, құқықтар мен міндеттерді бәріне бірдей бөлу», делініп, оның қоғамның сұранысына да, мемлекеттің ұстанымына да сай келетіні айшықталған. Сөйтіп, «әділдік» деген ауқымды ұғым осы идеологияның арқауына, ал «Әділетті Қазақстан» деген түсінік мемлекет бағдарының басты идеологемасына айналды» деген тұжырымға келеді.
Мақалада өзекті тұжырымның бірі ретінде «Заң және тәртіп» аталып, оның қоғамда әділдік орнатудағы рөлі айқындалған. Заңды мүлтіксіз сақтау, баршаның заң алдында тең болуы, ең бастысы заң бұзған адамның қалайда жазасын алуы – қоғамда әділдікті орнықтырудың басты шарты болатындығы көрсетіледі. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының басты идеясы – мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Билікті дұрыс құрудың бірінші шарасы – заңды дұрыс жасай білу және оны дұрыс қолданудың барлық мүмкіндігін қарастыру. Жүсіп Баласағұнның бұл ойларынан «заңның жалпы¬ға бірдей міндеттілігі» қағидатын сол кездің өзінде-ақ күн тәртібіне қойғандығы байқалады.
Х.Б.Абдигулов,
Талғар аудандық соттың судьясы