ҚҰҚЫҚТЫҢ САНАНЫҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ

ҚҰҚЫҚТЫҢ САНАНЫҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі ретінде заң үстемдігі мен сапалы сот төрелігін атаған болатын. Расында, салада жүргізілген жаңа бастамалардың түпкі мақсаты – ол халықтың сот жүйесіне деген сенімін нығайту. Ал, халық саладағы жаңашылдықтың сапасына көзі жеткен кезде ғана соттың ертеңіне сенеді, әділдіктің барына, төреліктің туралығына күмән келтірмейді.

Сот жүйесі – ел тұрғындарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде ерекше орын алатын дербес билік тармағы.
Тәуелсіз еліміздегі маңызды мәселелердің бірі – шынайы құқықтық мемлекет құру. Ол халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтуға бірден бір себеп. Құқықтық мемлекет құрудың негізгі бастауы – Конституция. Ел болашағы жастар екенін жалықпай айтамыз, бірақ олардың құқықтық сауаттылығының қаншалықты деңгейде екеніне назар аудара бермейміз. Жазушы Ш.Мұртазаның: «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты» деген аталы сөзі елдің әр азаматы, әр жасы заң аясында сауатты болуы керек екенін еске салады. Осы кезек күттірмейтін мәселе төңірегінде БАҚ арқылы ақпараттық-насихатты күшейтіп, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы күнделікті ұстану керек заңдылықтарды түсіндіру; Тіпті әлеуметтік желіні қалай пайдалану керектігін, пікір мен лүпіл басқанда да абай болу қажеттігін естеріне салу. Арнайы құқық қорғау мамандарымен сұхбаттасып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы мақалалар тізбегін молайту; Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан» құрудағы басты факторланың бірі – осы құқықтық сананы қалыптастыру;

А.Е.Кенбай,
Талғар аудандық соттың судьясы