«Белбұлақ ауылдық округі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрі және көрсету тәртібі туралы

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көр¬сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстаным-дардың бірі.

Осы бағытта, «Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де ҚР-ның ауылшаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 1 қазанындағы № 301 бұйрығының негізінде жер қатынастарына байланысты 6 түрлі мемлекеттік қызметтер түрі қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Оның ішінде 3 қызмет электронды түрде,  қалған 3 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі.

Электронды түрде көрсетілетін қызметтер түріне: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру».

Қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге: «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» және соңғысы «Жер учаскесінің пайдалану мерзімін ұзарту».

Биылғы жылдың басынан бүгінге дейін жалпы 1293 қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде 1 қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»,  25 қызмет «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», 68 қызмет «Жер учаскесінің пайдалану мерзімін ұзарту» түрінен, 1199 қызмет «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру» түрінен болған. Бұл қызмет автоматтандырылғандықтан біздің қатысумыссыз көрсетіле береді.

Мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» порталы арқылы Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалармен және Қазақстан Республикасының Жер кодексімен  белгіленген мерзімдерде көрсетіледі .

Мемлекеттік қызметті алушыларға, сонымен қатар ауыл тұрғындары арасында мемлекеттік қызмет түрлері мен көрсетілу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, инстаграм және жергілікті «Алатау жұлдызы» газетіне мақалалар жарияланып  отырады.

«Жеке  меншікте пайдаланып отырған  жер учаскесіне қосымша жер учаскесін қосып алу»  2023 жылдың 10 қазанындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына енгізілген өзгеріс негізінде — Жеке  меншікте пайдаланып отырған  жер учаскесіне қосымша жер учаскесін қосып алу мемлекеттік қызмет түріне жататындығын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (бұдан әрі – қағида) сәйкес «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

Қағиданың 3 – тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті  ауылдық округтің әкімдері  көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін «e-license» Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы арқылы осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары) мен қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге электронды өтініш жолдау қажет екенін хабарлаймыз.

Келіп түскен өтінішті уәкілетті орган сәулет және қала құрылысына жолданады. Сәулет және қалақұрылысы сұратылып отырған жер  шектеулерінің (қызыл сызық , күзет аймағы, санитариялық-қорғау аймағы, су қорғау белдеуі және т.б.) жоқтығына, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына және елді мекеннің бас жоспары сәйкестігіне қаралатын болады.

Барлық уәкілетті органдар қарағаннан кейін өтініш ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес тиісті шешім қабылдау үшін жер комиссиясының қарауына енгізілетін болады.

Өтініш қарау мерзімі -12 жұмыс күні. Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда жер учаскесін беру туралы  өкімді ауылдық округтердің әкімдері өз құзыреті шегінде жер комиссиясының оң қорытындысы мен жерге орналастыру жобасының негізінде қабылдайды. Сонымен қатар, жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезінде сұралған жер учаскесінің шекараларын іргелес жер пайдаланушылармен (көршілермен) келісу қажет екенін хабарлаймыз.

Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады. Халыққа ыңғайлы болу үшін Белбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында eGov.kz  «Өзіне — өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылды. ЭЦҚ-сы (электронды цифрлық қолтаңбасы) бар азаматтардың электрондық үкімет порталын пайдалануда мүмкіндіктері бар. Осы ыңғайлы мүмкіндіктердің арқасында азаматтар зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды, соттылықтың болуы (болмауы) туралы анықтамаларды ала алады, некені тіркеуге өтінім бере алады және т.б.керек анықтамаларды ала  алады. Сонымен қатар, ауылдық әкімдік мамандары ЭЦҚ(электронды цифрлық қолтаңба)  алу мәселесі бойынша кеңес береді. Жыл басынан бері -113 адам электронды қолтаңба алды.

 

Р.Дүйсенқызы,

Белбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы