Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі
ұстанымдардың бірі.
Аудан орталығы Талғар қаласы мен шекаралас орналасқан Алатау ауылдық округінің құрамына Қызыл Қайрат, Рысқұлов, Береке, Амангелді, Алмалық, Алтын Дән, Байбұлақ, Шымбұлақ, Орман елді-мекендері кіреді.
Мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық саласын және бүкіл кезеңін қамтиды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі. Алатау ауылдық округінде әкім аппараты жұмысының ажырамас бөлігінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министірінің 2020 жылғы 1 қазанындағы №301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары негізінде электрондық және қағаз түрінде көрсетіледі.
Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
— көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
— мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
— мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
— мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
— мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.
Стандарт және регламент дегеніміз не?
Стандарт дегеніміз — мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.
Ал, регламент — мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.
«Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қатарына: 1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, 2) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру, 3) жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату, 4) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, 5) жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту кіреді. «Электрондық үкімет» веб-порталының «Е–лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі порталының мүмкіндіктерін кеңейту жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді www.Е-лицензия.kz.портал арқылы алуға өтініштерді жіберуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні осы портал арқылы округ әкімінің аппаратымен келесі мемлекеттік қызметтер ұсынылды:
Үстіміздегі жылдың 11 айында көрсетілген мемлекеттік қызметінің жалпы саны 300 қызмет көрсетіліп, оның ішінде:
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-жыл басынан 184 өтініш түскен, бас тартылды— 176 , оң шешім қабылданды-8.
Нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-жыл басынан 72 өтініш түскен, бас тартылды-58, оң шешім қабылданды-14
«Е-лицензиялау» порталы арқылы қызметтерді алу тәртібі, авторизациялау кезеңінен шығу (қорытынды) құжатын алғанға дейін порталдың қолданылуын, мақсаты мен жұмыс істеуін сипаттау » Е-лицензиялау «Мемлекеттік Деректер қоры» ақпараттық жүйесінің сыртқы порталын пайдаланушының нұсқаулықтарында қамтылған.Мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» порталы арқылы Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалармен және Қазақстан Республикасының Жер кодексімен шектері белгіленген мерзімдерде көрсетіледі .
Соңғы уақытқа дейін Алатау ауылдық округі әкімінің аппаратымен қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде «жер учаскесін алу үшін кезекке қою»болды. Қазіргі уақытта бұл қызмет автоматтандырылды, кезек тізімі цифрландырылды және «электрондық үкімет» порталына шығарылды. Жер учаскесін алу кезегін цифрландыру-мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты жоюдағы іс-әрекеттердің бірі. Енді кәмелетке толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ жер алу өтінімін бере алады және eGov.kz арқылы өз кезегін қадағалай алады.
Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады. Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушыларға қажетті жағдай жасау үшін жұмыстар жүргізілуде. Халыққа ыңғайлы болу үшін Алатау ауылдық округі әкімі аппаратында eGov.kz «Өзіне — өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылды.Сонымен қатар, ауылдық әкімдік мамандары ЭЦҚ(электронды цифрлық қолтаңба) алу мәселесі бойынша кеңес береді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қол жетімділік және ақпарат беру мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында ақпараттық тақта орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру, сондай-ақ тұрғындар тарапынан сұрақтар туғызатын басқа да өзекті тақырыптар бойынша тікелей эфирлер жүргізіліп және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар жылдық жоспарға сәйкес жарияланып отырады.Аппарат ғимаратының алдында мемлекеттік қызмет алушыларға және мүгедектерге арналған автотұрақ орындары бар, арбамен жүретін мүгедектерге арналған пандус және шақыру қоңырау түймесі орнатылды. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларға сәйкес бұл бағытта жұмыстар әрі қарай жалғастырылады.
«Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі