Мемлекеттік қызмет көр¬сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы¬сындағы негізгі ұстанымдардың бірі.Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
— көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
— мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
— мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
— мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
— мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негізгісі -ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарына мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету.
Бағдарламаның басты мақсаты ауылдық елді мекендердің кадрлық потенциалын нығайту болып табылады. Мамандарды ауылды жерлерге тарту мақсатында 100 айлық есептік көрсеткіште көтерме жәрдемақы және 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін 15 жыл мерзімге 0,01%-бен тұрғын үй сатып алуға кредит түрінде қаржылық қолдау көрсету үшін әзірленген. Бағдарламаға әлеуметтік сала (мәдениет, білім, денсаулық сақтау, спорт), агроөнеркәсіптік кешен мамандары және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.
Әлеуметтік қолдау шаралары сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі бойынша ұсынылады.
Ауданның жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін қалыптастырады.
Тізбеде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың және/немесе олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі.
Ауданның жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді.
Тізбе бір жұмыс күні ішінде сенім білдірілген өкілдің ақпараттандыру объектілері – Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank арқылы орналастырылады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
- l) көтерме жәрдемақы алған кезде:
-өтініш;
-жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
-өтiнiш;
-жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
-неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
-өтiнiш;
-жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
-неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
-Кредиттік бюродан есеп.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса тіркеледі.
Әлеуметтік көмек алған мамандар ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік, әкімдік аппараттарының мекемелерінде үш жылдан кем емес мерзімде жұмыс жасауы қажет.