Референдум: ЖАСТАРҒА ҮЛГІ КӨРСЕТУДЕ

Референдум: ЖАСТАРҒА ҮЛГІ КӨРСЕТУДЕ

Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум ресми түрде басталды. Талғар ауданы да маңызды шарадан қалыс қалмай, үлкен-кіші өз таңдауларын жасауда. Әсіресе аға буын дауыс беру учаскелеріне ерте келіп, жастарға үлгі көрсетуде.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дауыс беру бюллетенінде «Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?» деген сұрақ бар. Ал сайлаушының жауап нұсқалары: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін». Сайлаушы кез келген белгіні өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қояды.

Қазақстандағы сайлау учаскелері сағат 7:00-де ашылып, өз қызметін кешкі сағат 20:00-ге дейін атқарады.

Ресми дерекке сүйенсек, дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.