Кенжебаев Бейсенбай (1904-1987) – əдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, аудармашы, филологиялық ғылым докторы, профессор. Ол Абай мұрасын зерттеуге айтарлықтай…
1923 ж. Ташкентте басылған «Абай шығармаларының жинағына сын» («Еңбекші қазақ», 1925, 28 шілде), «Абай туралы пікірлер» («Əдебиет майданы», 1935, №1, 2, 153-158-бб.), «Абай ақын» («Лениншіл жас», 1945 ж. 15 тамыз), «Қазақ əдебиетінің данышпан атасы» («Коммунист», 1949, №7), «Қазақ реалистік əдебиетінің негізін салушы» (Абайдың өмірі мен творчествосы. – Алматы, 1954), «Абай өлеңдерінің ұйқасы туралы» («Вестник АН КазССР», 1954, №9). «Əділ сынасайық» («Қазақ əдебиеті», 1955, 23 қыркүйек), «Абай – қазақ халқының жаңа əдебиетінің негізін салушы» (Ученые записки КазГу. – АлмаАта, 1955. – Т. 1. 96-б.). «Қазақ өлеңінің құрылысы туралы» (Алматы, 1955), «Түр жəне дəстүр» («Қазақ əдебиеті», 1956, 24 ақпан), «Қазақ халқыныңХХғасыр басындағыжазушылары» (Алматы, 1958), «Абай Құнанбаев» («Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері». – Алматы, 1973), т.б. ғылыми-зерттеу мақалалар мен кітаптарында Абайдың өмірі мен шығармашылық еңбегін кеңінен талдайды. Өлеңдерінің өзіндік өрнегін, мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін саралайды. Абай жайлы жазылған сын еңбектерін қорытып, жаңа байламдар жасайды.