Бекбосынов Матан Рахымбердіұлы, Талғар ауданының ардагерлер кенесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы:
Бүгінгі таңда, Қазақстан электр энергиясының тапшылығы байқалуда. Оны біздің еліміздің білікті мамандары айтуда. Қазақстандағы АЭС-бұл елге электр энергиясының тапшылығын жабуға мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Әлемнің кез-келген елі, соның ішінде барлық Еуропа елдері, өз қажеттіліктері үшін энергияны әртүрлі тәсілдермен алады. Ең тиімділерінің бірі-атом энергетикасы. Сондықтан кейбір елдерде электр энергиясының негізгі өндірісі атом электр станцияларына байланысты. Сол себепті де 6 қазан күні өтетін сайлауға келіп, өз дауыстарыңызды беруге шақырамын.