Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі.
Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану,билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, қызметтік жалған жасау, жалған сөз жеткізу, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады, сондықтан жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі заңды сақтау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ қабылданған. Аталған Заңды орындау мақсатында «Талғар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері жұмыс барысында аталған заңның талаптарын қатаң сақтайды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресіміз әлі де жалғаса бермек.
Б.Успанов,
Талғар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы