Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысы жауапты да мәртебелі. Олар тәуелсіз еліміздің тыныштығын күзетіп, заңсыздықтарды ауыздықтауда белсене күрес жүргізіп келеді. Қылмысты ашу, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу сынды міндеттерді жүктейді. Мызғымас тәртіп орнату арқасында ел арасындағы тыныштықты тәртіпке келтіріп, қоғам игілігіне адал қызмет етуде.
Жуырда Талғар ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Рустем Ерболұлы және аудан әкімі Танат Есенкелдіұлының төрағалығымен аудандық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысын өткізді. Аталған кездесуге комиссия мүшелері, Талғар қаласы және ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция басқармасының басшылық құрамы, учаскелік полиция инспекторлары, жол патрулдік полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қатысты. Отырыстың күн тәртібі бойынша 2024 жылдың наурыз айында аудан көлемінде тіркелген қылмыстарға және басқа да құқық бұзушылықтарға жүргізілген талдау қорытындылары талқыланды. Кездесуде Талғар аудандық полиция басқармасының басшысы Е. Джарыкбасов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, алдағы жоспармен бөлісті. Сонымен қатар елдің амандағы мен жұрттың тыныштығын күзетіп жүрген жандардың еңбегін биік бағалап, қажымас қайрат тіледі.
Өз кезегінде аудан әкімі Т. Айдарбеков отырыстың негізгі мақсатына тоқталып, тұрғындарды толғандырған мәселелер ең алдымен шешімін табу керек деп атап өтті. Сондай-ақ ауданымыздың құқық қорғау саласының қызметкерлеріне есірткі бизнесіне қарсы жұмыстарды күшейту, синтетикалық есірткі таратушылардың жолын кесу, жасөспірімдер арасында психотроптық заттардың таратылуна жол бермеу сынды аса жауапты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ бүгінгі таңда өршіп тұрған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды қатаң тапсырды. Яғни отбасында жасалатын қылмыстарды болдырмау үшін ішімдікке салынған, үнемі жаңжалдасатын отбасыларды тіркеуге алу арқылы олармен профилактикалық жұмыстар жургізу керек екенін атап өтті. Аудан басшысы жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу жайлы да сөз етті. Әсіресе кәмелетке толмағандардың суицид жасауына жол бермеу мақсатында алдын-алу шараларын жүргізу, интернет-алаяқтық фактілерін болдырмау үшін тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін қатаң тапсырды. Т. Есенкелдіұлы жол кауіпсіздігін қамтамасыз етуді де назардан тыс қалдырмады. Оның айтуынша, қаупті жолдарға жаяу жүргіншілер жолағын, жол белгілерін орнату оқыс оқиғаның алдын алуға сеп болады.
Жиын барысында Талғар каласы Д. Конаев көшесіндегі көлік кептелісін жоюдың жолдары қарастырып, патрульдік экипаж кезекшілігін қою, ағаштарды, жасыл желектерді рұксатсыз кескендерді жауапка тарту турасында сөз болды.
Шара соңында жалпы аудан көлемінде құқық бұзушылықтар мен басқа да қылмыстарды азайту бойынша нақты шаралар қабылданды. Ел тыныштығы жолында тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегіне табыс, жұртымызға тыныштық тілейміз.
Зорагүл Әбдіқадір