Жуырда «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы С.Думчибаев филиалға қарасты «Талғар», «Алатау», «Гүлдала», «Тұздыбастау» бастауыш партия ұйымы төрағаларымен кездесті.
Жиында бастауыш партия ұйымдарының 2023 жылы атқарған жұмыстары талқыланды. Атап айтқанда БПҰ-ның ұйымдастыруымен ауданның аға буын өкілдеріне, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлік себеттерімен, аула тазалығы, үйлерінің жөндеу жұмыстары мен арнайы дәрі-дәрмектермен көмек көрсетілді. Сонымен қатар қарттарға 3 тоннадан 45 тонна көмір берілді. «Гүлдала» БПҰ-ның ұйымдастыруымен Гүлдала ауылының тұрғына қарт ана З.Садырбекованың толықтай өртеніп кеткен үйінің қалдықтары мен қоқыстарын шығарып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді. Сондай — ақ аудандық партия филиалы 150 қартқа қарттар күні мерекесіне орай дастархан жайып сый-сыйапаттарын тарту етті. «Мектепке баланы даярлайық» акциясы аясында демеушілер көмегімен 19 млн.475 мың теңгеге 1500 аса оқушыларды мектепке керекті құрал жабдықтар мен мектеп формасымен қамтамасыз етті. Сондай- ақ көпбалалы, жалғыз басты ана Н.Талбаеваға үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауында 15 жастағы мүмкіндігі шектеулі Бауыржанға апасы арнайы арба алып беруді өтінген болатын, осы өтінішті ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа технологиядағы арба алынып берілді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық ортада жүріп тұруына қолайлы болу үшін апта сайын ауданның бірқатар мекемелерінде пандустарға мониторинг жұмыстары жүргізіледі. «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында жасөспірімдер арасында асық ату, тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар ауылдың әлеуетін арттыру жолында «AMANAT» партиясының атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Партия тарапы қашанда күрделі міндеттерді мүлтіксіз орындап, халықтың тұрмысын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру, партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру, партияның жұмысында ашықтықты арттыру, партиялық бақылауды күшейту, партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау, халықтың әр түрлі топтармен жұмыс істеу сияқты нақты бағыттар бойынша жұмыстар тізбегі аталып өтті.
Отырысқа қатысушылар aтқарылған игілікті істерге де тоқталып, сайлауалды бағдарламаны іске асыруда аудан депутаттарының да мол үлесі бар екенін де айтты.
Сондай-ақ аудандық филиалының төрағасы С.Думчибаев және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ш.Купидинов, Алматы облыстық мәслихат депутаты С.Нұрдаулетов, «Гүлдала» БПҰ-ң төрағасы А.Сасиков Панфилов ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №4 бала-бақша, Нұра ауылындағы №12 мен Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектептердің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері партияның аудан бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысанын аралап, онда қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстармен жіті танысып, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмысы толығымен партиялық бақылауда екенін жеткізді.
«Белбұлақ ауылындағы №10 орта мектепте 2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныпта 585 оқушы білім алды. Мектептің ғимараты 1965 жылы салынған, сыйымдылығы 640 орын, газ жүйесіне қосылған. 2023-2024 оқу жылында №10 орта мектептің 585 оқушысы Белбұлақ ауылындағы №32 орта мектептің 250 орындық қосымша ғимаратында білім алады, соның ішінде 1-4 (217 оқушы) сынып оқушылары №32 орта мектептің негізгі бастауыш сынып блогында оқытылады және сол мектептің 210 орындық асханасынан тамақтандырылады. №32 мектептің қосымша ғимаратында 5-11 сынып (368 оқушы) оқушылары білім алады, спорт зал, буфет бар», – деді мектеп директоры М.Серікқызы.
Мердігер мекеме «SHEBERBUILD» ЖШС мекеменің өкілдері №10 және №12 орта мектеп бойынша қазіргі уақытта ғимаратты бұзу жұмыстары 98 пайызға аяқталғанын, бірақ жөндеу жұмыстары қазіргі таңда тоқтап тұрғанын, себебі мердігер компанияның шот картасы бұғатталғанын, ақпанның 1 -і қайта бюджеттен ақша түсірілсе, ақпанның 5-і күні жұмыс қайта жандандырылатынын, 2024 жылдың мамыр айында құрылысты аяқтайтынын жеткізді.
Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген нысанға бүгінде партиялық бақылау бекеті ашылған.
«AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалы