Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Талғар ауданы әкімінің «Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 12 қазандағы № 10-01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 147335 тіркелген) және Талғар ауданы әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Талғар ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 12-08 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31476 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Талғар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ Д. Батталгазиев
2024 жылғы «___» ___________