Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел атанғанына биыл 32 жыл болды. Сонау ғасырлар бойы қиыншылықты басынан өткерген халқымыз үшін тәуелсіз ел атану жаратушыдан берілген ең қымбат асыл қазына.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына көз жүгіртер болсақ — 1991 жылы КСРО ның ыдырауы нәтижесінде одақ құрамында болған елдер өз алдарына тәуелсіз мемлекет болып жатқанда Қазақстанда өз алдына тәуелсіз мемлекет бола алды.
1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Ескере кететіні Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.
Еліміздің Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып, әлемнің бірінші дамыған державасы саналатын АҚШ мойындап, артынша Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеттері мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған мұсылман елдері ішінде алғашқысы болды. 32 жылда еліміз әлем елдері арасында жеке дара дербес ел екенін дәлелдеді. Өзінің көршілес елдермен даусыз шекарасы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар ел атанды.
Тәуелсіздіктің арқасында бүгінге дейін көптеген жетістіктеріміз бар. Осындай берекелі елде тұру әрбір қазақстандық үшін үлкен бақыт. Еліміздің әсем де көрікті қалалары мен білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Қазіргі таңда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Халықаралық Валюта Қоры және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдарының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
Тәуелсіздік күні отыз жыл бойы еліміздің басты ұлттық мерекесі болды. Бірақ былтыр заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, мейрам «ұлттық мереке» мәртебесінен айырылды. Енді ол мемлекеттік мереке және тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бәріміз тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек екенін атап өткен еді. Оның айтуынша, мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы.
«1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге», — деді мемлекет басшысы .
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болсын. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін.