Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаменті басшысының орынбасары Қанат Есболғанов мәлімдеді.
Қазіргі таңда аймақта тұтынушыларды табиғи газ желілеріне қосатын 13 газ тарату ұйымы жұмыс істейді. Атап айтсақ, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша тиесілі 8 газ желісі және 4 газ толтыру пункті бар. Қанат Есболғановтың айтуынша, 2 қабаттан биік үйлердің пәтерлеріне тұрмыстық баллондарды орналастыруға және пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, автогаз құю станцияларында көлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға болмайды.
«Тұрмыста қолднылатын газ баллондары көптеген үйлер мен кәсіпорындар үшін маңызды және ыңғайлы энергия көзі болып саналады. Алайда, сығылған газ цилиндрлерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік өте маңызды. Газ баллондарын дұрыс пайдаланбау және сақтау ауыр апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін», – деді Қанат Есболғанов.
Өнеркәсіптегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі осы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының аудандық бөлімдерімен бірлесіп әлеуметтік нысандарға тексерулер жүргізеді.
Биыл аймақта тұрмысқа арналған баллондарды дұрыс қолданбау салдарынан 6 төтенше жағдай болып, 14 адам зардап шекті. Айта кету керек, қазіргі кезде облыс бойынша департаменттің бақылауында 4 магистральдық газ құбыры бар.
Alatau News