Салтанатты кеште Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Шералыұлы үздік деп танылған мамандарды арнайы төс белгілермен марапаттады. Оның ішінде, «Алтын жүрек» номинациясымен Іле аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығының басшысы Әуелбек Батырбекұлы, облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Жұмабайұлы, аудандық мәслихат депутаты Олжас Тоқанұлы, «Первый Пивзавод» ЖШС басшысы Бахытбек Ақылбекұлы, «Ертіс» мейрамханасының басшысы, кәсіпкер Руслан Жайлаубекұлы, Капитан, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, Әуе Қорғанысы күштеріне тиесілі 78460 әскери бөлімінде байланыс (желілік) батальонының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Дәулет Тойлыбекұлы, «Алматы Жарық Компаниясы» АҚ басшысы Жұмағазы Жұмабекұлы марапатталды.
«Жомарт жан» номинациясына «Abdi Ibrahim global pharm» ЖШС Фарух Рзаев, «Lux stroy» ЖШС Расул Юлдашұлы, «Ақмарал» Шаруа қожалығы, кәсіпкер Рашид Кеншінұлы ие болды. «Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Маряш Қыдырбайқызы «Құрметті тәжірибелі маман» төс белгісін алса, № 36 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күлпара Қабышқызы «Білім беру саласының құрметті педагогы» атанды. «Үздік педагог – ұйымдастырушы» номинациясы бойынша №19 орта мектептің мұғалімі Ануарбек Бөрібайұлы жүлдегер атанса, «Жаңашыл педагог – ұйымдастырушы» деп №29 орта мектебінің педагогы Рай Қасымхан танылды. «Үздік безендіруші» номинациясымен №20 орта мектептің педагогы Бекетай Сағатұлы марапатталып, Мұхаметжан Түймебаев дәрігерлік амбулатрориясының аға мейірбикесі Жанна
Тәжібайқызы «Денсаулық саласының үздігі» деп танылды. «Үздік полиция қызметкері» Іле аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Абай Байқожаұлы, және Күрд этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Гамзе Гейдаров «Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен» марапатталды.
«Білім беру саласының құрметті педагогы» төс белгісінің иегері, № 36 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Күлпара Қабышқызы:
— Бала күнімнен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбек ер атандырады» деген халық даналығын бойыма сіңіріп өскенмін. Сондықтан болар, қандай жұмыс болмасын жан тәніммен беріліп істеймін. Әрине, қандай марапат болса да, оның артында үлкен еңбек жататыны белгілі. Сол еңбегімді бағалап жатқандары үшін алғысымды білдіремін. Бұл үлкен қуаныш! «Алтын жүрек» номинациясының иегері, Капитан, Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, Әуе Қорғанысы күштеріне тиесілі 78460 әскери бөлімінде байланыс (желілік) батальонының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары — Тойлыбеков Дәулет Тойлыбекұлы: – Әскери бөлім Ащыбұлақ ауылдық округінде орналасқандықтан округтің іс-шараларына белсенді қатысамыз. Ауылдың барлық мектептеріндегі оқушылармен әскери бөлімде ашық есік күндері мен ерлік сабақтарын әрдайым өткізіп, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларын отан алдындағы борышын өтеуге, әскерге келісімшарт бойынша қызметке орналасуға шақыру, жоғарғы әскери оқу орындарына түсу туралы ақпараттар беріп отырамыз. Жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып, көптеген мерекелік іс-шаралар әскери қызметшілердің қатысуымен өткізіліп отырады. Бүгінде еңбегіміз еленіп ел алдында осындай құрметке бөлеп жатқандары үшін барша ауыл тұрғындарына және жергілікті әкімшілік ұжымына алғыс айтамыз.
«Жомарт жан» номинациясының иегері, «Ақмарал» Шаруа қожалығының басшысы, кәсіпкер – Рашид Кеншінұлы – Биыл, мал шаруашылығы үшін оңай жыл болмады. Қуаңшылық біраз қиындықтарды туғызды. Жазғы уақытта мал азығын басқа облыстардан сатып алып, тығырықтан шыға алдық десем де болады. Бірақ, ештеңеге қарамастан менің шаруашылығымның жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта, 4 жұмысшыны тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Жағдайлары жақсы, жалақыларын ай сайын алып отырады. Сонымен қатар, халыққа экологиялық таза өнім ұсынып отырмын, малдарым таза ауада, еркін жүріп жайылады. Жергілікті әкәмшілкпен де тығыз жұмыс істеймін. Аудандық шараларға да белсенді қатысуға тырысамын. Күні кеше өткен депутаттар сайлауында да комиссия мүшесі болып, басы-қасында жүрдім. Осы халыққа тигізіп жатқан пайдамның бар екеніне қуанамын.
Негізі, жыл өткен сайын, ауа райына байланысты шығар, мал шаруашылығымен айналысу қиынға соғып барады. Сол үшін, өзімнің барша әріптестеріме шыдамдылық, сабыр және сәттілік тілеймін.
Салтанатты жиында округ әкімі жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтап, алда да биік белестерге жетуге тілегін білдірді.
Айдын ТОҚСАНОВ