Қазақстан – әлеуметтік бағдар ұстанған мемлекет. Халықтың өмірі мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасап келеді. Әсіресе, елде көпбалалы аналар мен отбасыларды қолдауға баса мән берілген. Қазақстанда әрбір үшінші бала көпбалалы отбасында дүниеге келеді екен. Көпбалалы отбасыларды қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар.
Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасарлары Қ. Абдакимов және М. Бектасов Шелек ауылында тұратын алты бала тәрбиелеп өсіргені үшін, 3 көп балалы анаға «Күміс алқа» наградаларын табыстады. Марапаттау рәсімінде округ әкімінің орынбасары ана – отбасының берекесі және өмірдегі барлық жақсылық анамен байланысты екенін айта отырып: «Тіршіліктің күре тамырын жалғастырушы, өмірдің өзегі – ардақты аналарымыз деп жатамыз. Алтын құрсақты аналарға алтыннан алқа тағып, құрмет көрсетуде ешкімнен қалыс қалып жатқанымыз жоқ. Мемлекет әлеуметтік көмек беруде де аянып қалмақ емес. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде ана мен баланы қолдау үшін жан-жақты жағдай жасалып жатқаны белгілі. Батыр аналарға зор денсаулық тілеп, шексіз алғыс айтудан жалықпаймыз. Адам өміріндегі ең үлкен қуанышы бала сүю» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай балалы болу бақыт, ал көп балалы болу одан да үлкен бақыт болса керек. Ертеде ата-бабамызда бала көп болған. Шын мәнінде, бала – біздің қуанышымыз, бала – біздің болашағымыз. Елімізде қолға алынған өзгерістің бәрі ұрпақ үшін жасалып жатыр. Мемлекет басшысы Жолдауда айтқандай 2023 жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылды. Мұның барлығы мемлекеттің көпбалалы аналарға деген құрметі мен қамқорлығы. Еліміздің етреңі болатын сәлихалы ұрпақ өмірге көптеп келе берсін. Ұлағатты ұрпағымызбен мақтанып жүре берейік!» – деп атап өтті.
Еңбекшіқазақ ауданында көпбалалы анларға жыл сайын жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Осы жылдың тамыз айында Есік қаласында 30 тамыз Конституция күні» мерекесіне орай 120 тұрғынға баспана кілті берілді. Баспаналы болғандар арасында 26 көпбалалы отбасы бар. Осы жылы май айында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 60 тұрғынына баспана кілті берілді. Олардың арасынлда да көпбалалы аналардың үлесі басым. Ал 2019 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 10 жанұя өз шаңырағына кірсе, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 4 отбасы қоныс тойын атап өтті. Өткен жылы BAQ.KZ мынандай хабарлама жасады: 2022 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жалпы сомасы 346,8 млрд теңгеге орта есеппен 501,2 мың отбасы алды, оның ішінде желтоқсан айында 530,8 мың отбасына 31,2 млрд теңге жәрдемақы төленген. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Нақтырақ айтқанда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты Өткен жылғы мәліметке жүгінсек Алматы облысы бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап келе жатқан өңірдің бірі. Ал Еңбекшіқазақ ауданы жер көлемі жағынан да жан саны жағынан да көш бастап тұрған аудандардың бірі. Өткен жылғы санақ бойынша облысымызда 45 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады. Ел тұтқасына ие болар ұрпақ көп болсын, бейбіт те, берекелі Отанымызда өсіп, өнеберейік деген тілек айтамыз.
Зорагүл Әбдіқадір