Жуырда Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты және Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы ардагерлерінің арасында волейболдан жарыс өтті.
Еңбекшіқазақ ауданында тұратын зейнеткерлер бұл бәсекеге белсенді қатысты. Спорт – салауатты өмір салтының негізі дегенді ұстанған олар физикалық белсенділік денсаулықтың ғана емес, адамның психологиялық жағдайына әсер етеді дейді. Әр ауылдан жиналған командалар өз ауылдарының атымен аталып, сол елдімекеннің намысын қолдан жібермеуге тырысты. Жарыс нәтижесі: 1- орын Балтабай командасына бұйырды. Бағы мен бабы жарасқан балтабайлықтар тамаша ойын өрнегін көрсетті. Аталған жарсқа тиянақты дайындалдық деген олар жарыста топ жарарына сенімді болды. Ауылдың қарттары бос уақытында бас қосып, үнемі спортпен шұғылданатынын да жасырмады. Аға буын ретінде артынан ерген жастарға үлгі-өнеге болуды мақсатымыз деген қарттар жастарды жақсы жолға, әдетке баулу өздерінің бұлтартпас борышы деп біледі. Ал 2-ші орынды иелеген Есік командасы да өздерінің ептілігін аңғартты. Спортты жанына серік еткен жандар мұндай бәсекенің өздеріне шабыт беріп, көңіл-күйін көтеретінін атап өтті. 3 — орын Түрген командасының еншісіне бұйырды. Келесі жолы бәрінен басым түсетін боламыз деген түргендікктер де спорттан құралақан емес екендіктерріен көрсетті.
Спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі. Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге, республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа. Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді
Қасым-Жомарт Тоқаев
Аталған жарыс тартысты да табысты аяқталды. Аталарына жанкүйер бола келген немерелері оларға дем беріп, тілеулес болды. Арнайы сыйлықтарын да тапсырып, ата мен немере арасындағы шынайы махаббаттың үлгісін көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығының кепілі – бұқаралық спортты дамытуға жиі көңіл бөліп келеді. Президент көтерген бастамалардың барлығы да халықтың денсаулығын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Ал бүгінгі жарыс соның айқын дәлелі.
Зорагүл Әбдіқадір