Кеше Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасында пациенттің жүрегіне кардиостимулятор қойылды. Отаны аталған денсаулық мекемесінің кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санаттағы дәрігер Орынбасар Тайманұлы жүргізді. Айта кетерлігі, отаға емделуші міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру аясында қол жеткізген.
бұлшықетке тігеміз. Одан кеткен түтікше электрод деп аталады. Егер жүректің қағысы нашарласа, ол қосымша ырғақ беріп, жүректің қағысын реттеп отырады. Операция жасаған кезде пациентке наркоз қоймаймыз. Сонда да науқас дене жарасын сезбейді. Осы сәтте жүрек жұмысын тоқтатпайды. Жасанды аппарат науқастың ағзасына қажетті мөлшерде оттегіні жеткізіп тұрады. Мұндай операцияларда көбінесе аз инвазивті эндоскопиялық әдіс қолданылады, – деді Орынбасар Тайманұлы.
Дәрігердің берген мәліметіне сүйенсек, науқас өткен аптаның дүйсенбісі күні ауруханаға түскен. Тексеру барысында науқастың жүрек-қан тамыры жүйесінен ақау табылып, атриовентрикулярлы (АВ) 3 дәрежелі бітелуі анықталған. 54 жастағы пациентті осы уақытқа дейін ревматологиялық созылмалы ауруы мазалап келген. Содан оның жүрек қағысы минутына 60 рет емес, 40 рет соғатын болған. Салдарынан оның басы айналып, жиі естен тануы білінген. Сонымен қатар, науқастың жүрегіне 1997 жылы қос жармалы қақпақшасына протездеу отасы жасалған.
Жүрек ширатқыш аспапты науқас әйел адамның кеуде тұсына орнатуда. Операция залында бір емес жеті адам болды. Олар – хирург, дәрігер-анестезиолог, рентген-хирург, медбике, санитарлар. Тәжірибелі мамандар осынау маңызды сәтте науқастың жүрек қағысы, қан қысымын бақылауда ұстады.
Жалпы осыған дейін қарасайлықтар мұндай оталарды жасату үшін Астана мен Алматы қалаларына жол жүретін. Бірақ бүгінде жағдай мүлдем басқаша. Қазір жүрек ширатқыш құрылғысына мұқтаж қазақстандықтар аспапты мемлекет қаражаты есебінен тегін орната алады. Соның бірі – біз сөз еткен міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру аясында Қарасай ауданының тұрғынына жасалған ота.
– Жүрекке 2 камералы электрокардиостимулятор имплант орнатылды. Операция кезінде электродтар орнатылып электрокардиостимуляторға қостық. Ота сәтті өтті, – деді Орынбасар Тайманұлы. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы бірқалыпты.
Бұрым Орынбасар