ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТТАТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті IХ сессиясы 2023 жылғы 19 қыркүйекте сағат 10.00-де өткізіледі. Өтетін орны аудандық әкімдік ғимаратының үлкен мәжіліс залы (1 қабат).

Күн тәртібінде: 

  1. «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес, Талғар ауданы әкімі Т.Айдарбековтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі.
  2. «Талғар ауданының білім бөлімі» ММ-нің 2022-2023 ж. атқарылған жұмыстары және 2023-2024 ж. жаңа оқу жылына дайындық туралы.
  3. Талғар ауданының 2023-2024 ж. жылу беру маусымына дайындығы туралы.