Жаңашыл мұғалім үшін сабақты ұйымдастырудың әдістемелік формасы өзінің шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін көрсету құралы ретінде қызмет етеді. Ашық сабақтар педагогикалық тәжірибе алмасуға және жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласындағы жаңалықтарды насихаттауға ықпал етеді. Осы ретте Утеулиева Ақтолқын Талиповнаның “Қаныққан көмірсутектер.Алкандар” тақырыбына арналған ашық сабағын тілге тиек еткім келеді.
Еркін ойлайтын, өз жұмысының нәтижесін болжап, білім беру үдерісін алдын ала жасай алатын педагог заман талабына сай мақсатына жете алады. Аталған ашық сабақта “ой қозғауда” бейнефильм көрсетіліп, сабақтың тақырыбын ашты.Оқушыларды «Ақылды алқа» әдісі арқылы топқа бөлді. Сабақта “Бинго”,«Интервью», «Кім жылдам» әдістерін тиімді пайдаланды.PISA тапсырмаларын химия пәнінде орындата алды.
Білім алушылар сабақты толығымен меңгерді. Педагогикалық-инновация жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерін, интерактивті тақта, топтастыру әдісі мен түрлі көрнекіліктер және кестелерді ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра түсті.
Сабақ барысында оқушыларға қалыптастырушы тапсырмалар арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Әрбір берілген тапсырмаларға бағалау критерийі, дескрипторлар беріліп отырды. Сабақта қосымша ресурстарды (flippity.net,learning.aps) тиімді пайдаланып, сабақ тақырыбын өмірмен және оқушылардың мамандықтарымен байланыстыра білді.Оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланған, өз беттерінше жұмыс жасай алды.
Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Әріптесімнің бұл сабағы арқылы шебер ұстаз екендігіне көзім жете отырып,өзіме көп тәжірибе жинадым.
Молдахметова Бакыткул Ерболатқызы
Талғар политехникалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы