Талғар ауданының құрметті азаматы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айтжамал Әбдірешқызы немерелерімен бірге теледидар алдында тікелей эфирді тағатсыздана күтуде.
«Қазір бірер сағаттан кейін екінші мерзімге сайланған президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталады. Бұл тарихи сәтті бүкіл отбасымызбен, немерелерімізбен асыға тосып отырмыз. Астана уақыты бойынша 10:50-де бүкіл арналардан көрсетілетін ұлықтау рәсімі халықымызды жаңа қоғамға әділетті мемлекетке бастар алғашқы қадамы деп білемін. Еліміздің игілігі үшін президентіміздің қолға алып, жүзеге асыратын реформалары мен жаңғыру үдерісі жаңа Қазақстан үшін өте маңызды. Аса құрметті президент мырза, Алматы облысы Талғар ауданының ақ жаулықты аналары атынан сізге сәттілік тілейміз. Жаңа Қазақстанды құруда біз сізбен біргеміз!» — деп өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.
Естеріңізге салсақ, 20 қарашада өткен кезектен тыс сайлау барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 халық дауыс берді. Бұл сайлаушылардың 81,31 пайызын құрайды.