Қарақат Әбден «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсынды. Бұл туралы Жезқазған қаласында өткен арнайыдөңгелек үстел барысында белгілі болды.
ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің бұлұсынысын жиынға қатысқан сайлаушылар, психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдады. Дөңгелекүстел барысында өзекті тақырып бойыншастатистикалық мәліметтер келтірілді. 2018-2022 жылдар аралығында 18 мыңға жуық адам өз-өзінеқол жұмсаса, 21 мыңнан астам қазақстандық өзінеқол салуға әрекет еткен. Белгілі болғандай, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша алғашқы20 елдің қатарында болса, балалар мен жастарарасындағы суицид бойынша еліміз әлемдеалғашқы үштікке кіреді.
«Бұл нағыз дабыл қағатын мәселе. Мұндайқайғылы көрсеткіштер бізден жүйелі жұмысжүргізуді талап етеді. Сондықтан бүгінгіжиында «Суицидпен күрес жөнінде ұлттықстратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсындым. Олүшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, заңнамалық талаптарға сәйкес Парламенттіктыңдалымда аталған сұрақ тыңдалуы тиіс», — депжеткізді Қ. Әбден. Үміткердің айтуынша, балалармен жастардың өз-өзіне қол жұмсауына әлеуметтіксұрақтар мен ұлттық, отбасылық құндылықтардыңәлсіреуі себеп.
Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектентыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 11 қала мен бірнеше ауылдықелдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағыуақытта ол Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарыныңсайлаушыларымен кездесу өткізеді.